31.10.2023, 11:45
Оқылды: 72

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атауы өзгереді

Үкімет оның орнына ешқандай шетелдік инвесторды қарастырып отырған жоқ.

65409d2c4e288430917473

Фото: Руслан Ғаббасов / Kazinform

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атауы өзгеруі ықтимал. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айутынша, компания мемлекет меншігіне өткен соң, Үкімет оның орнына ешқандай шетелдік инвесторды қарастырмаған.

Жаңа инвестор келгенде компаниядағы барлық қызметкер саны, жалақысы, еңбек шарты өзгермейді, - деді Қанат Шарлапаев.

Қанат Шарлапаев компанияның атауы өзгеруі мүмкін екенін жеткізді.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қазіргі басшысы ауысса, одан әрі компания атауын пайдалана алмаймыз. Сондықтан компанияның атауы өзгереді. Оның жаңа атауы қандай болатынын жұмыс істейтін қызметкерлермен ақылдасу арқылы шешкен жөн деп ойлаймыз», - деді министр.

Министрдің дерегінше, былтыр «АрселорМиттал Теміртау» 3 млн доллар пайда тапқан.

Компания жұмысын жалғастыра береді. Ол өзін қамтамасыз ете алады, - деді Шарлапаев.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистердің бірі «Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов инвестор болады деген ақпарат қаншалықты рас?» деп сұрады.

Қазір нақты инвестор туралы пікір білдіре алмаймын. Активке шетелдік инвестор тартуды жоспарлап отырған жоқпыз. Соны айта аламын, - деді министр.

Айта кетейік, 2023 жылдың 28 қазанына қараған түні Костенко атындағы шахтадан өрт шығып, 200-ден астам кенші жер бетіне шығарылды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, шахтадағы апаттан 46 кенші қаза тапты. Осы қайғылы жағдайға байланысты 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Шахтадағы апаттан кейін Қазақстан үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады.

Костенко шахтасындағы апат тәуелсіз Қазақстан тарихындағы адам шығыны ең көп (46 адам қаза тапты) болған өндірістік апат ретінде тіркеліп отыр. Бұған дейін адам шығыны көп болған ең үлкен апат 2006 жылы Ленин шахтасында болды, ол кезде 41 кенші көз жұмды. 2008 жылы Абай шахтасында болған апаттан 30 кенші қаза тапты.

halyq-uni.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале