Бүгін БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Оралдағы теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізді.
«Кешенді оқу-жаттығу теміржол арқылы қауіпті жүкті тасымалдау кезіндегі ядролық заттарды жою мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өтті. Оған облыстағы Жедел-құтқару жасағынан, БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен, полицияның желілік бөлімінен, «Батыс Қазақстан электр желісін тарату компаниясы» АҚ-тан, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясынан, көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Орал бөлімшелік басқармасы мен Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығынан 62 қызметкер мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.
Мамандар ауада тез тарайтын улы заттарды анықтап, дер кезінде шаралар қабылдады.
Сонымен бірге қалалық гарнизонның өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің және өрт сөндіру пойызының төтенше жағдайларға дайындығы тексерілді», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Гүлмира Сәрсенғали,
zhaikpress.kz