1.11.2023, 12:00
Оқылды: 8

Еліміздің бүкіл жылу орталықтары қысқа дайын ба? Министр жауап берді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев еліміздің барлық жылу электр орталығы қысқа дайын екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ТЭЦ ЖП4

- Қазіргі кезде бүкіл Қазақстан бойынша жылу беру маусымын бастадық. Қажетті көлемдегі құрал-жабдықтар іске қосылды. Қараша айының соңына дейін қазандық жабдықтарының тағы  бір бөлігі іске қосылады. Жалпы, энергетикалық кешен жылу беру маусымына дайын. Қысқа дайындық жайлы құжаттардың 90 пайызы қаралды, - деді Энергетика министрі Ақордада.

Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция президентімен келіссөз жүргізеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале