Сырым аудандық Абай мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің тоғызқұмалақшылары облыстық мектеп лигасында командалық есепте І орынға ие болды.
- Биыл республикалық турнирлерді есепке алмағанда, шәкірттерім мамыр айында аудан орталығында өткен жасөспірімдер арасындағы Батыс Қазақстан облысының жекелей чемпионатында, қыркүйек айында Орал қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы командалық облыстық чемпионатта І орын, қазан айында мектеп оқушылары арасында өткен Ұлттық мектеп лигасында команда І орынға ие болып, биыл облыстық чемпионаттың барлығын жеңіп алдық.
Аталған облыстық мектеп лигасында команда бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында І орынға табан тіресек, 7-8 сыныптар арасында ІІ орынды қанағат тұттық, - дейді ағынан жарыла ақжолтай хабармен бөліскен тоғызқұмалақ жаттықтырушысы, тоғызқұмалақтан облыстың бірнеше дүркін чемпионы, облыстық «Ақбидай» спартакиадасы ойындарының төрт дүркін чемпионы Дарын Төреғалиев.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz