1.11.2023, 17:30
Оқылды: 47

Әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтады

Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі екендігі белгілі. Əсіресе, «əлеуметтік» ұғымымен – қорғау, көмек, қызмет, оңалту, ортаға əсер ету, қамсыздандыру, паналау орны, диагноз, қолдау, педагогика, қызметкер секілді қатарлас қолданылатын тіркестер құлағымызға сіңісті болып кетті.

FB_IMG_1698824033821

Бүгін осы күрделі сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Жақсылық Абдолов сала қызметкерлерін қабылдады.

FB_IMG_1698823953991

Сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған Жақсылық Каримоллаұлы:

- Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында тіршілік тынысы тарылып, өмірлік қиын жағдайға душар болған азаматтар қажетті қолдау алып, еңсесін тіктеуде. Олардың болашаққа деген үмітін оятып, қайғысы мен қиындығын бөлісіп, бірге еңсеруге аянбай еңбек етіп жүрген сіздердің әрбіріңіз құрметке лайықтысыздар. Әлеуметтік қорғау жүйесі – үлкен жауапкершілік, кәсіби біліктілікпен қатар адами қасиеттерді талап ететін салмағы ауыр сала. Кәсібіне адалдықпен, жабыққан тағдырларға жауапкершілікпен қарап, жүрегіне мейірім шуағын ұялатқан сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, тынбай еткен еңбектеріңізге зор ризашылығымды білдіремін, - деді.

FB_IMG_1698823947701

Сонымен қатар ол бір топ қызметкерге алғысхат пен Құрмет грамоталарын табыстады.

Атап айтсақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Жақыпованың Құрмет грамотасын әлеуметтік қызметкер Гүлнар Елеусінова алды.

Әлеуметтік қызметкер Меңдігүл Әмірова БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Төлегенованың алғысхатына ие болды.

Аудан әкімінің алғысхаты әлеуметтік қызметкерлер Сәния Оңдағанова, Гүлсара Сейітқалиева, Эльмира Матаева, аудандық «Мансап» орталығының мамандары Ләззат Қуаншәлиева, Аида Жармұханова және Тимур Хамзинге табысталды.

Сонымен қатар «Қызмет» БҚО мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлейменнің Құрмет грамотасына аудандық «Мансап» орталығының маманы Қайырбек Жұманиязов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің статисі Назымгүл Қуатова ие болды.
Жиын соңында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев қызметкерлердің атқарып жүрген қызметтерін атап өтіп, мерекемен құттықтады.

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале