Таяуда оқушылардың күзгі кезекті тоқсандық демалыс аптасын тиімді өткізу мақсатында Жаңақала ауданының мектептен тыс жұмыс орталығында «Ұстаз және Шәкірт» атты суретшілер байқауы өтті.

Байқауды аталған орталықтың суретші-безендірушісі Ж. Төлегенов ұйымдастырды.
Қосымша білім беру педагогтары түрлі үйірмеге қатысатын балалардың басын қосып, олардың шығармашылық талпынысын арттыра түсу бағытында сурет өнері жайлы біраз мағлұмат айтты.

Іс-шара барысында белгіленген уақыт ішінде табиғат тақырыбында сурет салған оқушылардың еңбегі бағаланды.
Оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz