2.11.2023, 12:00
Оқылды: 49

Алашты қолдаған Сырым батырдың шөбересі кім?

Салық Омаров 1868 жылы туған. Қазақтың халық батыры Сырым Датұлының шөбересі. Сырымнан Қазы, одан Омар, одан Салық туған.

жп дала

1917 жылғы Ақпан революциясынан соң халықтың өзін-өзі басқару құрылымын түзеу кезінде Алаш қозғалысына жергілікті жерлерде елге сыйлы, сөздері өтетін көзі ашық қаракетті кісілердің қолдауы аса қажет болады.

1917 жылғы 19-22 сәуірі күдері Оралда өткен Бірінші Қазақ Орал облыстық сиезіне Салық Омаров та арнайы шақырту алады. Осы сиезде С.Омаров Жайық сырты бөлігі қазақтары атынан облыстық комитеттің мүшесі болып сайланады.

Ол жергілікті жерлерде атқару комитетін құруда, жаңа аумақтық межелеу саясатында өз пікірін ашық білдіріп, бұрынғы ауылдық-болыстық аумақтық бөліністі сақтап қалуды ұсынады.

1917-1918 жылдары Жымпиты да, Қаратөбе де ұйымдастырылған земство сайлауын өткізуге атсалысады. Батыс Алаш Орда әскерін жасақтауды қолдап 200 ат береді.

1918 жылдың 18-21 мамыр күндері Жымпитыда өткен ІV Қазақ Орал облыстық сиезіне қатысып сол сиезде Жайық сырты қазақтарының жоғары билік органы - «Ойыл уәлаяты» Уақытша үкіметінің мүшелігіне сайланады.

1920 жылы 18 сәуірде Батыс Алаш Орда таратылған тұста Орал губерниялық Төтенше комиссарияты тарапынан тұтқындалып бес жыл мерзімге азаматтық құқысыз бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарылады.

Алайда өзін ақтау туралы Қазақ революциялық комитетіне арыз жазып, онда Ә.Әйтиев пен С.Арғыншиевтың араласуымен үкім алынып, елде қарапайым шаруашылықпен айналысады.

Кейінгі 1928 жылғы қазақ байларын тәркілеу кезінде Салық Омаров байлар қатарына жатқызылып, мал-мүлкі тәркіленіп, алғашында Жетісуға, ал 1937 жылғы қуғын-сүргінде қайта қудаланып он жылға Челябіге жер аударылып 1941 жылы 73 жасында сонда қайтыс болады.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале