2.11.2023, 16:30
Оқылды: 58

Тоғызыншы сессия өтті

Бүгін Казталов аудандық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев төрағалық жасап, сессия жұмысына аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері, салалық бөлім, мекеме басшылары қатысты.

IMG20231102090940

Сессияда бірінші кезекте аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудандық мәслихат депутаттарына есебі тыңдалды. Негізінен ауданда атқарылып жатқан жұмыстың орындалу барысы газет бетінде толықтай жарияланған болатын.

Сонымен бірге сессияда депутаттардың назарына күн тәртібіндегі аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №26-2 «2023-2025 жылдарға арналған Казталов ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, мұнымен қоса тағы да бірнеше мәселеге қатысты өзгеріс енгізу ұсынылып, дауысқа салынды.

IMG20231102092652

Кезекті сессия кезінде халық қалаулылары талқылаған мәселелер қатарында Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, Казталов ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу, аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Казталов аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале