«Қазақстан Халық» партиясы атынан аудан әкіміне үміткер Бекжан Тоқжанов мектептен тыс жұмыс орталығының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында үміткер Бекжан Нұрланұлы жиналған қауымды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Үміткер ауданның экономикасын көтеру, тұрғындардың жағдайын жақсартуды сөзге тиек етті.
- Біріншіден аудан тұрғындарының жағдайын жақсартуға жұмыстанамын. Жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындардың арасындағы байланысты арттырамын. Тәжірибиемді пайдалана отырып, жаңа нысандардың бой көтеруіне ықпал жасаймын. Ауыл шаруашылығын дамыту және тағы да басқа жұмысты атқарамын, - деген Бекжан Тоқжанов сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Айтып өтсек, Тасқала ауданы әкімі сайлауы 5 қараша күні өтеді. Оған қазіргі таңда үш үміткер тіркеліп, өздерінің бағдарламаларын сайлаушыларға түсіндіріп жатыр.
Гүлмира Серікқалиқызы,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz