2.11.2023, 21:44
Оқылды: 72

Жаңақалада колледж студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Бүгін Жаңақала колледжінде жатақхана тәрбиеленушілерімен "Отбасымды мақтан тұтамын" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

IMG-20231102-WA0076

Мақсаты – бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынастың маңыздылығын, отбасындағы құнды дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын айқындату.

IMG-20231102-WA0077

Шара барысы 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде студенттер шаттық шеңберге тұрып отбасыларындағы жақсы қасиеттерін айтты. Екінші кезеңде фото байқауы өтті. Әр студент өзінің отбасыларымен түскен фотоларын ортаға ұсынып, таныстырып шықты. Ал үшінші кезеңде әр студент өз отбасылары туралы шағын эссе жазды.

Қорыта келе, студенттер осы шарада отбасы құндылықтарын, соның ішінде отбасы мүшелерінің арасында сый-құрметтері болу керектігін, бір-бірін жақсы көру, бауырмалдық сияқты игі қасиеттерді бойларына сіңіре білді.

Айзада Ақбасова, 

Жаңақала ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале