3.11.2023, 11:00
Оқылды: 59

Сырым ауданында жерге қатысты заң бұзылғаны анықталды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО-дағы департаментінің негізгі функцияларының бірі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау.

ЖП дала казталов (2)

Осы функциясының шеңберінде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы облыстағы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша артық құжаттарды сұрау, қызмет көрсету тәртібін бұзу, толық құжатсыз қызмет көрсету фактілері бойынша қашықтан мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында Сырым ауданының жергілікті атқарушы органдарымен қызмет алушылардың «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде тәртібі бұзылған.

Атап айтсақ, Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі бойынша өтініштер жер комиссиясында қаралып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жауабын беру қажет болған.

Алайда Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жер қатынастар бөлімдері аталған өтініштерді заңды және жеке тұлғаларға жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия отырысына қарауға жолдамай мемлекеттік қызметтің түпкі нәтижесін бермеген. Осындай заң бұзушылық аудандық жер саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсететін жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылдың реттелмеуіне байланысты жол берілген.

Қызмет көрсетушілердің аталған іс-әрекеттері қызмет алушылардың құқығын бұзып, қызмет алушыларды әуре сарсаңға салуға жол берген.

Департамент қашықтан өткізген мониторингі нәтижесінде жеті қызмет алушының өтініші жер комиссиясында қаралып, заңнама аясында тиісті шешім берілді.

Сонымен қатар заңды бұзуға жол берген лауазымды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 465-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

БҚО-дағы

департаменті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале