3.11.2023, 17:24
Оқылды: 25

«Бақыт құсы» фестивалі өтті

Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылдық округінде мүмкіндігі шектеулі жандардың дәстүрлі шығармашылық фестивалі өтті.

теректи (3)

14-35 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастар бейнелеу, қолданбалы, әдеби шығарма, спорт, вокал, хореография, халықтық музыка бойынша өнерін ортаға салды.

теректи (2)

- «Бақыт құсы» фестивалі бес жылдан бері өткізіліп келеді. Жастар оған қызыға қатысады. Биыл отызға жуық жас өнерлерін көрсетті, - дейді шараны ұйымдастырушы «Іс үшін - За дело» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұрлан Жеңісұлы.

теректи (1)

Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі болғанымен, өнерге деген құлшынысы шексіз жандар сахна төрінде ән айтып, би биледі.  Қолданбалы өнермен айналысушылар қолтумаларын көрсетті. Талантты да талапты жастардың өнеріне де, шеберлігіне де тәнті болған көрермен ықылыс-қошеметтерін білдіріп жатты.

теректи (4)

Фестиваль қорытындысында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғысхат пен естелік сыйлықтар табыстады.

Жауһар Нұрым,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале