3.11.2023, 17:45
Оқылды: 32

Алқа кеңесте не айтылды?

Теректі аудандық мәдениет үйінде мектеп директорларының алқа кеңесі өтті. Аудандық білім беру бөлімі ұйымдастырған кеңеске бірқатар мекемеден мамандар арнайы келіп, ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.

алка кенес+

Аудандық прокуратура қызметкері Ақсұлтан Әбішев жасөспірімдер арасында белең алған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жөнінде айтты.

Балалардың болашағына салғырт қарамай, мектептерде профилактикалық іс-шараларды күшейту қажеттігін ескертті. Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Бибарыс Нығметжанов оқыс оқиғалардың алдын алу, өртті болдырмау ережелерін еске салды. Интернет алаяқтары туралы айтқан аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Әділет Хайрушев нақты мысалдар келтіре отырып олардың іс-әрекеттерін сипаттады.

алка кенес ++

Оның айтуынша, мектеп мұғалімдері арасында алаяқ арбауына түсіп, шоттағы ақшасынан түгел айырылып қалғандар болған. Сондықтан өз байланыс нөміріңізді еш жерде жарияламау қажет екендігін түсіндірді. Теректі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Айгүл Хайруллина салық туралы ақпараттармен бөлісті. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдана Ғұмарова да өз қызметіне байланысты кеңестер берді.

Алқа кеңеске жиналған мектеп директорлары ой-пікірлерімен бөлісіп, сауалдарына жауап алды.

 

Жауһар Нұрым,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале