3.11.2023, 15:30
Оқылды: 59

Ішінде 14 бала болған: ГАЗель түгі қалмай өртеніп кетті

Қостанай облысындағы тасжолда мектеп оқушыларын жарысқа апара жатқан ГАЗель көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

b7d65275-d62f-49b5-ba28-f0e4e9c88cd3

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдай облыстық маңызы бар Арқалық-Торғай тасжолында, Арқалық қаласынан 60 шақырым жерде болған. Жарысқа төрт ГАЗель көлігімен жүзге жуық бала кетіп бара жатқан, көліктердің біреуі өртеніп кеткен.

Облыстық білім басқармасы мәліметінше, 66 мектеп оқушысы мен 6 мұғалім мінген көліктерге Ішкі істер басқармасы көлігі еріп жүрген. Өртке оранған ГАЗель көлігінде 14 бала мен мұғалім болған.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері балаларды өртеніп жатқан көліктен жүргізуші мен мұғалімдер жылдам шығарып алғанын айтты. Оларды қалған үш көлікке отырғызған.

"Балалардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Оқиға орнына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 7 адамы мен 2 техникасы, құралдары келді", - деді Қостанай облысы ТЖД өкілі.

Өрттің шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз, бірақ құтқарушылар көліктерге арналған өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және қозғалыс алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруді ұсынады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале