Бүгін Жаңақала ауданы орталығын санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру мақсатында кезекті сенбілік шарасы өтті.
Сенбілікке мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық шараларын ұйымдастырып қана қоймай, “Атаңнан мал қалмаса да, тал қалсын” демекші, ауыл ішіне терек егу жұмыстарын да жүргізді.
Осы орайда Рухани орталық ғимаратында орналасқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, аудандық архив пен “Жаңарған өңір” газетінің ұжымы мәдени саябаққа 38 тал-терек отырғызып, белсене қатысты.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz