4.11.2023, 22:46
Оқылды: 52

«Барлығын кеш естиміз»

Жәнібек ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен кеңес өтті.

FB_IMG_1699102244231

Кеңеске бөлім басшылар мен ауыл әкімдері қатысып, біраз жұмысты талқылады. Соның ішінде ауылдағы ағайынға "Ауыл аманаты" жобасының жетуі, мал азығының дайындығы, қысқы от жағу маусымының өту барысы, бөгеттерге техникалық су толтыру, мерзімді әскерге шақырту, баспасөзге жазылу мен ағымдағы мәселелер айтылды. Жоба бойынша аудандық ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев баяндады. Оның айтуынша өтінім жіберген жүз төрт үміткердің ішінен елу жеті үміткердің жобасы мақұлданды. Оның төртеуі бас тартты. Отыз екі адамның ақшасы аударылды. Қалған қырық жеті үміткердің жобасын мұқият зерделеу қажет. Олар неге кешікті, неден қателесті яки қандай себеппен тіркелмей қалды? Осы орайда Нұрболат Зұлпықарұлы:
-Әр ауылда жобалық кеңсе құрылды. Сол бойынша әр адамның құжатын қарап, қазірден бастап іске кірісулеріңіз қажет,- деп, ауыл әкімдеріне қарата сөйледі.
Жиында азық-түлік бағасын шарықтатып қоятын кәсіп иелеріне шара қолдану туралы мәселе көтерілді. Жасыратыны жоқ, ауданда қарапайым сүт пен нанның бағасы әр дүкенде әртүрлі. Дегенмен тұрғындардың атынан арыз түссе ғана тексеріс жүргізіледі. Мақсат – кәсіпкерлерге айыппұл салып, дүкендері жабу емес, керсінше, қарапайым халыққа қолайлы жағдай жасап, бағаны тұрақтандыру. Адамның жағдайын ойлаудан басталған кеңес мал азығына қатысты жұмыстарға ойысты. Аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисеновтың тарқатуынша, мал азығы бойынша қысқа 95 пайыз дайынбыз. Кейібір ауылдарда бұл көрсеткіш 70 пайызды құраса, енді бір ауыл жұртшылығы шамадан асқан. Әскерге шақыру науқаны турасында Жарқын Хайрлиев ашына сөйледі. Отан алдындағы борышты өтеуден қашатын жастарға наразылығын білдіріп, атын атап, түсін түстеп айтты. Оқуға тапсырып немесе жұмыста жүрміз деп сылтау айтатын азаматтардың аяқтай келіп, нақты себебін айту керегін жеткізген Жарқын Ғиниятұлы мекенжайы ауылда тұрған жастармен жұмысты ауыл әкімдеріне тапсырды. Өзекті мәселелер талқыланған жиында «Мансап» орталығының директоры Миранбек Ибатов «Күміс жас», «Қайтарымсыз грант» сияқты бағдарламалар мен жобалар жөнінде тарқатты.

FB_IMG_1699102246475

Бір өкініштісі, ауыл әкімдері мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы кеш еститіндерін жеткізді. Осы орайда аудандағы мекеме қызметкерлерінен басшыларға дейін аудан игілігі үшін жүзеге асатын жұмыстарда өзара байланыспайтынын айта кеткен жөн.

Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале