ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет брифингінде "АрселорМитал Теміртауды" қазақстандық инвестор сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Астана телеарнасы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Фото astanatv сайтынан
"Қазір біз компанияны атай алмаймыз. Бірақ кәсіпорынды отандық инвестор нарықтық бағамен сатып алады",- деді Роман Скляр
Ол бірінші кезекте оның өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салуын қамтамасыз ететінін атап өтті.
"Инвестициялар көлемі бір миллиард доллардан асады", - деді ол.
astanatv