Қаратөбе ауданы орталығындағы Қ.Жұмалиев атындағы мектеп-гимназиясында орналасқан №277 сайлау учаскесіне үйден дауыс беруге 21 тұрғын өтініш берген.
№277 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері Темір ауылының 82 жастағы тұрғыны Гүлмай Шаутенова және Өтеміс Қаржауовтың шаңырағына барып, дауыстарын үйден алды.
Сонымен қатар Жаңа ауыл тұрғыны, І топ мүгедегі Алынай Сембекова да өз таңдауын үйден жасап, саяси науқанға атсалысты.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress. kz