6.11.2023, 10:15
Оқылды: 54

Президент Димашқа тазының күшігін сыйлады

Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайбергенге тазы күшігін сыйлады, деп хабарлайды Kazіnform.

Ол бұл жаңалықты Instagram парақшасында жеткізді.

d34107ec-1bbc-4536-862d-85aefbf43096

Фото: әншінің Instagram парақшасынан

«Достар, танысып қойыңыздар, бұл — менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы — біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған жеті қазынаның бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады» деп жазды қазақстандық орындаушы парақшасында.

Оның айтуынша, бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және өте ақылды келеді.

«Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді. „Тазы“ атауы парсы тілінен енген, мағынасы — шапшаң, епті. Осындай баға жетпес сыйлық үшін Президентімізге алғыс айтамын! Тазыны Ғарышкер деп атадық» деп жазады Димаш Құдайберген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале