Бала - біздің болашағымыз, сондықтан оларды көзден таса қылмай, үнемі қамқорлық жасап, дені сау, сергек болып өсуіне толыққанды жағдай жасалуы керек деп есептейміз.
Осы орайда бүгін Жәнібек ауданы орталығындағы Жұмаев көшесінде балаларға арналған ойын алаңы ашылды. Ауыл бюджетінен бөлінген 4 миллион 690 мың теңге мен Алматылық «SEBOR» компаниясы барша бүлдіршінге қуаныш сыйлады.
Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов құттықтау сөз сөйлеп, ауылдағы игі істің балаларға арналғанын жарқын болашаққа балады.
Әрмен қарай, лебізді ата-аналардың атынан сөз алған көше тұрғыны Жеміс Бекқалиева жалғады. Ойын алаңының лентасын аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов пен көше тұрғыны Нағима апа қиды.
Оралхан Өтеғалиев,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz