7.11.2023, 12:00
Оқылды: 77

Оралға облыс атауы қашан берілді?

Патша үкіметінің 1869 жылғы «Дала облыстарын басқару жөніндегі уақытша ережесіне» сәйкес жасақталған әкімшілік-аумақтық бөлік ретінде құрылған облыстардың бірі - Орал облысы болды.

орал

Облыс құрамына Орал казак-әскерлері мен Орынбор қазақтарының біраз бөлігі және Орал, Ілбішін, Гурьев, Темір уездері жерлері мен Маңғыстау приставтығы қарады.

Орал облысының жер көлемі 29 626 234 десятина, оның шұрайлы деген 6 465 402 десятинасы Орал казак-орыс әскерлері иелігінде, қалған 23 160 832 десятинасы қазақтардың пайдалануында «мемлекеттік меншік» деп жарияланады.

1897 жылғы санақ бойынша Орал облысында 645 121 адам тұрады. Оның 335 972-сі ерлер, 309 149-ы әйелдер. Қала тұрғындары облыс халқының 8,5 пайызын құрайды.

Барлық билік Орал әскери губернаторының қолында болып, өз кезегінде Орынбор азаматтық-әскери министрілігіне бағынады.

Облыс орталығы - Орал қаласы болды.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале