7.11.2023, 15:45
Оқылды: 62

Алма Оразбаева атындағы мектеп жақында пайдалануға беріледі

Казталов ауданы орталығында құрылысы жүріп жатқан Алма Оразбаева атындағы білім ордасы жақында пайдалануға берілмек.

IMG20231107124913

600 оқушыға арналған заманауи мектептің құрылысымен танысуға тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев, Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары, құрылыс саласының мамандары, қоғам белсенділері және ауыл тұрғындары келді.

IMG20231107121553
Құрылысы аяқталуға қалған білім нысанының басына келгендерді құрылысқа тікелей жауапты «Жиенбай» ЖШС-ның директоры Александр Қарағойшин қарсылап алып, атқарылған істермен таныстырды.

IMG20231107122259
Айта кетуіміз керек, осыдан бір жұма бұрын ауылдастарымыз әлеуметтік желіде белсенділік танытып, мектеп құрылысы барысында орын алған кемшіліктерды сынға алған болатын.
Мектептің іші мен сыртын аралау кезінде мердігер мекеменің басшысы барлық кемшілік түзетіліп, ақаулар қайтадан жасалғанын көрсетті.

IMG20231107123001
Қазіргі күнде мектеп құрылысы аяқтала келген, 2-3 күннің ішінде барлық құрылыс толығымен бітетінін жеткізді мердігер. Сонымен қатар сырттағы абаттандыру жұмысы келесі жылдың еншісіне қалдырылып, қосымша қаражат бөлінеді деп сендірді құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев.
Расында, өзіміз көргендей, казталовтық ағайын үшін маңызы зор білім ордасының құрылысы аяқталған. Ендігі кезекте мектеп ішін безендіру мен жуып-тазалау, арнайы қондырғыларды орнату, жиһаз құру жұмысы жүріп жатыр.

Мектепте 600 балаға арналған 600 шкаф, кейбір сыныптарда ЛЭД экран орнатылылған.

Мектеп іші жарық, жылы және кәріз желісі, ауа реттегіш вентиляциямен қамтылған. Оқушылардың сапалы білім алуға толық мүмкіндік жасалуда десек артық болмас.
Мектептің жұмысымен жан-жақты танысқан бақылаушы өкілдері жуырда мектеп ғимаратын арнайы комиссия арқылы қабылдап алып, оқушыларды жаңа оқу нысанына кіргіземіз деп уағдаласты.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале