7.11.2023, 17:00
Оқылды: 19

Шыңғырлауда ойын алаңы ашылды

Шыңғырлау ауданының Көкжайлау көшесінде тағы бір ойын алаңы пайдалануға берілді.

Ойын алаңы

«БИДЖИПИ» ЖШС-ның демеушілігімен салынған көлемі 20*20 м ойын алаңының құрылысын «Диас Холдинг» ЖК жүргізді. Заманауи үлгіде салынған ойын алаңы әткеншек, айналмақ, сырғанақ тағы басқа көздің жауын алар әдемі ойын құралдарымен жабдықталған. Айналасына жарықшамдар орнатылып, кешкі мезгілде самаладай жарқырап тұр.

Алаңға толған балалардың бірі әткеншек теуіп, бірі сырғанап, бірі ат жалында тербеліп, ойын алаңының ұнағанын жарыса айтып жатыр.

Ойын алаңы1

- Бұрын балаларымызды ойнату үшін арнайы орталық саябаққа апаруға тура келетін. Әрине, оған күнде уақыт табыла бермейтіні белгілі. Үйде телефонға үңіліп отырғанша, таза ауада емін-еркін ойнағанға не жетсін! Ауданда балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында көптеген игі іс атқарылып жатыр. Соның бірі - үйімізге жақын жерден осындай әдемі ойын алаңының салынғанына шексіз қуаныштымыз. Балаларымыздың қуанышты жүзін көрудің өзі бір ғанибет қой. Осындай жағдай жасап берген аудан басшыларына шынайы ризашылығымды білдіремін, - дейді көпбалалы ана Қалдыгүл Досқазиева.

Нұрбек Таужанов,

Шыңғырлау ауылдық округінің бас маманы

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале