Кеше Сырым ауданы әкімдігің кіші мәжіліс залында Сырым аудандық мәслихатының кезектен тыс ХІІ сессиясы өтіп, оған Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты. Сессия жұмысын төраға Шынар Дүйсенғалиева жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде бюджет туралы шешімге өзгеріс енгізу мәселесі қаралды. Биыл аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде ағымдағы және даму нысаналы трансферттері есебінен де, одан бөлек жергілікті бюджет есебінен де бағдарламалық жылжыту жүргізіледі.
Аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Мұса Шалабаевтың мәлімдемесіне сүйенсек, 2023 жылы жергілікті бюджеттен биыл 45 млн 988 мың теңге көлемінде қаражат үнемделген.
Үнемделген қаржы жұмыспен қамту, мәдениет және спорт салаларына тиесілі.
Б. Шерім,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz