Шыңғырлау ауданында халықтың ауылда еңбек етіп, тұрақтауына, сондай-ақ жұмыссыздар санының азайып, тұрғындар табысының артуына зор серпін берген «Ауыл аманаты» бағдарламасына сенім артқандардың қатары көбейіп отыр.
- Кәсіпкерлікті дамыту, ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі «Ауыл Аманаты» Ұлттық жобасына қатысуға ниет білдіргендермен үнемі байланыс жасап отырамыз. Тек ауыл шаруашылығы емес, ауылға қажетті кәсіппен айналысуға да ұсыныс берудеміз, - дейді округ әкімі Светлана Бәйтенова.
Бүгінде округ бойынша жоба аясында «Ақжайық» АҚ арқылы «Ауыл халқының табысын арттыру» бағдарламасына қатысуға 11 адам өтініш білдірсе, тоғыз ауыл тұрғыны - 36,1 миллион теңге несие алған.
Несие алған тұрғындар сүтті бағыттағы сиырлар сатып алыпты. Шаруасын бастап отырған ақбұлақтықтар мемлекет тарапынан аналық малды субсидиялау бойынша құжаттарын да тапсырып үлгерген. Бір сөзбен айтқанда, «Ауыл аманаты» тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр.
Гүлшат Ботанова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz