10.11.2023, 11:46
Оқылды: 32

Садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасы олимпиада жолдамасына ие болды

Таиланд астанасы Бангкокта садақ атудан Азия чемпионаты мәреге жетті. Сары құрлық біріншілігіндегі олимпиадалық садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы күміс жүлдегер атанып, Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.

0f6d6c8ab67bbfd7562c36fd1c2f4289_1280x720

Бангкоктағы бәсекеде ұлттық құрама сапында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко сынға түсті. Жарыстың бас жүлдесін Оңтүстік Корея спортшылары иеленсе, қола медаль индонезиялықтарға бұйырды. Ұлттық құрама финалға жетер жолда Жапония, Үндістан және Қытайдың Тайбэй құрамасынан басым түсті.

«Жақында ғана садақ ату федерациясының өкілдерімен кездескен едім. Азия ойындарында сәтсіз өнер көрсеткеніне қарамастан, ұлттық құрама спортшылары жолдама жолындағы жарыстың бірінші мүмкіндігінде Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Ханчжоудағы осы жылдың басты додасынан кейін команда өкілдері қысқа мерзімде қателіктермен жұмыс істеп, Парижге жолдама жеңіп алып отыр. Енді спортшылар Олимпиадаға дайындықты күшейту керек», - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

0ed66106dd43e71670f1bb7fe725bc91_1280x720

Қазақстан былтыр Олимпия ойындарына іріктеу жүйесі жаңартылған соң, жолдамаға иелік еткен алғашқы ел атанды. Себебі құрлық чемпионы атанған Оңтүстік Корея спортшылары бұған дейін Ханчжоудағы Азия ойындарында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған еді.

Айта кетейік, қазақстандық мергендер 1996 жылдан бері төрт жылдықтың басты бәсекесінен сырт қалған емес. Ал 2021 жылғы Токио Олимпиадасында ерлер құрамасы толық құрамда бақ сынады.

Сондай-ақ Азия біріншілігінің құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеу сайысында Ұлттық құрама спортшысы Андрей Тютюн алтыннан алқа тақты. Одан кейінгі тұғыр сатысына Джун Хо Ким (Оңтүстік Корея) мен Абхишек Вермадан (Үндістан) көтерілді.

Осы бағдарламада Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореядан кейінгі нәтижені көрсетіп, күміс жүлдеге ие болса, үздік үштікті Үндістан түйіндеді. Өкінішке қарай, садақ атудың блок садақ бағдарламасы Олимпиада бағдарламасына енбеген.

Осылайша Таиландта өткен биылғы сары құрлық чемпионатын ұлттық құрама спортшылары 3 жүлдемен қорытындылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале