11.11.2023, 20:47
Оқылды: 46

Кәсіпті нәсіп еткен хас шебер

Халқымыздың көнеден келе жатқан құндылықтарының бірі – қолөнер. Бұл құндылық ұлттық мұралар мен дәстүрімізді жоғарғы деңгейде көрсетеді. Қазірде бұл өнер өзінің дәстүр жалғастығын тауып отыр. Яғни осы өнер түрін жоймай қолөнерді дөңгелетіп әкеткен адамдар бар. Солардың бірі – Бәйтерек ауданына қарасты Янайкин ауылының тұрғыны Ақмарал Омарова.

IMG-20231111-WA0055

2018 жылдан бері Янайкин ауылында тұратын көпбалалы ана Ақмарал Байтөреқызы көпшілік тігінші ретінде таниды. Ол бұл кәсіпке 2019 жылы дұрыстап ден қойған. Бұйырған мемлекет гранты кейіпкеріміздің бұл істі дөңгелете әкетуіне басты себеп болған.

- Көрпе жасаудағы ең басты құрал ол жүн болып табылады. Көлемі 2 метір болатын көрпеге салмағы 3,5 келі жүн керек. Көрпенің жүндерін қырдан ауылдық жерлерден алдырамыз. Көрпенің ішіне жүнді салмастан бұрын оны жақсылап жуып, түтеміз. Үнемі жүн түткен кезде жүнді жуу біраз қиындық тудырады. Және жүнді таңдағанда оның сапасы мен тазалығына зер салу қажет. Әйтсе де жүннің қоғамға тигізер пайдасы да зияны да бар. Жүннен шығатын қоқыс адам ағзасына кері әсерін тигізеді, яғни жүн-мата қалдықтары көмекейге кіріп тыныс алуға кедергі жасайды. Пайдасы жүн арқылы көрпе тігіп табыс көзін жаңғыртуға болады. Сонымен қоса ауыл кісілеріне қалаға шығынданбасын деп жақын жерде арнайы аппаратпен жүн түтемін. Көрпе тігуді қолға алғаннан бастап жолдасым, қыздарым көмектесіп, қолдау көрсетіп отырады. Маған көрпе тігуде әртүрлі тапсырыстар жаз және күз айларында түседі. Тапсырыс санына қарай тұрғындарға күнделікті үйде қолданатын 3-7 көрпе тігемін. Тігін – терапия. Эмоцияға ерік берілмей, өзіңнің көңіл күйіңмен күресуге жол ашады. Кәсіптің бұл түріне маусымына қарай кейде айына 300 000 теңге шамасында табыс әкеледі. Көрпе тігу сүйікті ісіме айналып кеткендіктен қолыма ине жіпті ұстайтын болсам өзімнің шаршағанымды лезде ұмытып, шабытым шарықтай түседі,дейді Ақмарал апамыз.

Салтанат Зұлқарнаева,

Бәйтерек ауданы

Янайкин ауылы 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале