13.11.2023, 11:15
Оқылды: 19

Үш бірдей бас жүлдені жеңіп алды

Мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында «Атадан мұра» республикалық қоғамдық қоры ұйымдастырған «Ұлы дала ұрпағы» республикалық байқауына қатысқан сырымдық өрендер олжалы оралды. Байқауда үш бірдей Сырым ауданының жасөспірімі топ жарып, бас жүлдені жеңіп алды.

бас жүлде 1

Атап айтсақ, Замир Махмет көркемсөз оқу сайысында өз өлеңін оқып, бас жүлде мен «Үздік ақын» аталымына ие болды. Дәстүрлі ән байқауында Нұрым Амангелді бас жүлдені еншіледі. Көркемсөз оқу сайысында Әлижан Кеңес ешкімге дес бермей, ол да бас жүлдені қанжығалады.

бас жүлде

Бас жүлде иегерлері — Қ. Мырзалиев атындағы мектептің 10-сынып оқушылары, аудандық балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері.

Осы байқауда көркемсөз оқу бөлімі бойынша Нұртаза Амандық І дәрежелі диплом иегері атанды.

Өнерпаз өрендер Астана қаласында өтетін суперфиналға және Түркия елінде өтетін халықаралық музыкалық фестивальге тегін жолдама алды.

бас жүлде 2

Республиканы бағындырып, бағы жанған балалардың жетекшісі — аудандық балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогы Мейрбек Жампозов.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале