14.11.2023, 17:26
Оқылды: 49

Есімжан Есімғали күміс жүлдеге үлес қосты

Таяуда Шымкент қаласында 2012 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан «BFL cup» республикалық жарысы өткен болатын.

401704370_880277977435211_3688212396581656116_n

Еліміздің әр аймағынан келген жас аяқдоп шеберлері додасының бас жүлдесіне 16 топ үміткер болды. Тараздық «Болашақ», шымкенттік «Ордабасы-2» және Шымкент қаласының намысын қорғаған «Шалқар»» сияқты командалармен бір топқа түскен «Ақжайық - 2012» аталған командалармен тең түсіп, «Шалқар» тобын 3:0 есебімен жеңді. Ширек финалда Сарыағаш қаласының «Жігер» тобымен жүздесіп, жеңіске жетті.

Ал жартылай финалда өскемендіктерге есе жібермеген жерлестер ойсырата жеңіп, ақтық кезеңге жолдама алды. Финалда «Ордабасы-1»командасына қарсы әдемі ойын өрнегін көрсетті. Тартысты өткен кездесу тағдырын шымкенттіктер соққан бір-ақ гол шешті. Осылайша «Ақжайық-2012» турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Жас футболшылар жеткен жеңіс Батыс Қазақстан облысының абыройын асқақтатты. Оның ішінде Жәнібек ауданының жас футболшысы Есімжан Есімғали бар екенін білгенде кеудені одан сайын қуаныш кернеді. Қамысты ауылының үкілеген үміті Е. Ниетқалиев атындағы мектептің 6-сынып оқушысы. Қол күресі спортының жаттықтырушысы Марал Төлешевтің ұлы 2018 жылдан бастап футболмен айналысып келеді. Аудандағы бапкері Аманжол Есеновтің де осындай жасөспірімдерді спортқа баулып жүрген еңбегін, жеткен жетістіктерін нығыздап атап өткен жөн.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале