15.11.2023, 10:00
Оқылды: 63

Батыс Қазақстанда ұлттық киімді дәріптеген оқушылар елді сүйсіндірді

Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ.

IMG-20231019-WA0128

Бүгінгі таңда елімізде тек айтулы Көрісу күні, Наурыз мейрамы секілді мерекелерді есептемегенде күнделікті өмірде ұлттық нақыштағы киімдеріміз киілмейді. Сонымен қатар қазақша киімді сахналарда, мерекелік іс-шараларда ғана киіп жүрген қыз-жігіттер мен аға буын өкілдерінен көреміз. Яғни, ұлттық дәстүрімізді, салт-санамызды, киімімізді бүгінгі жастарға насихаттау ісі ақсап тұр. Қазақтың көне ұлттық киімдеріндегі ою-өрнектерді сақтай отырып, қазіргі уақытқа ыңғайланған сан алуан киімдер мен әшекейлерді қолданысқа енгізуге, күнделікті гардеробымызды ұлттық үлгіде тігілген киімдермен толтыруға болады. Ұлттық үлгіде тігілген киім арқылы жастардың бойына патриоттық сезім ұялатамыз. Мысалы, мектеп оқушылары, студенттер және мемлекеттік қызметшілердің костюмдері мен галстуктарына қазақтың ұлттық элементтерін салып, күнделікті жұмысқа кисе несі айып?

IMG-20231019-WA0038

 Осы орайда Жәнібек ауданы орталығындағы №1 мектеп-лицейіндегі 1 «ә» сынып оқушыларының ата-аналары бір ауыздан балаларына бірдей қылып, ұлттық нақыштағы қазақы мектеп формасын тіктіріп берді. Өте құптарлық іс.

- О, бастан, яғни балаларымыз мектеп табалдырығын аттағаннан кейін бірдей мектеп формасын тіктіреміз деп шештік. Жай ғана форма емес, ұлттық үлгідегі киім болу керек дедік. Сыныпта 17 оқушы, соның ішінде 10 қыз, 7 ұл бар. Сынып жетекшісі Гүлжайнар Қожағалиева да біздің бастаманы қолдап, өзіне де тіктірді. Балаларымыз тек мерекеде емес, күн сайын ұлттық киім киіп жүрсе, бойларына патриоттық сезімді қалыптастырып, ұлтын, тілін, дінін құрметтеуді үйренеді, - дейді аталған сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы Мөлдір Әбілахатқызы.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале