15.11.2023, 12:45
Оқылды: 51

Алтынсариннен білім алған қайраткер кім?

Алғашында Торғай қаласында Ыбырай Алтынсарин ашқан екі кластық орыс-қазақ училищесін, кейін 1909 жылы Орынбор мұғалімдер семинариясын бітірген Ғабдұлкәрім Тоқтабаев Қазан төңкерісіне дейін табан аудармай ұстаздықпен айналысады.

Өзен ЖП

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Торғайда Кеңес өкіметі құрылғанда бірден қолдап, 1918 жылғы ақпанда 1-уездік кеңестің мүшелігіне сайланады. Ол «Қызыл керуен» жетекшісі Әліби Жанкелдинмен кездесіп, оның ақыл-кеңесін тыңдап, тапсырған жұмысын орындап отырады.

Оның Кеңестік саясатта Қазақстан Оқу халық комиссарының орынбасары болып жүрген кезінде Мәскеу мен Ленинградтың жоғары оқу орындарында оқып жатқан қазақ студенттеріне қаржылай және заттай қолдау көрсетуі, студенттерге жеке немесе бір жолғы жәрдемақы тағайындау туралы бастамалары енде ғана айтыла бастаған шындықтардың бірі.

Алайда бір кездері «Алаш» партиясы мүшелерімен келіссөз жүргізуге қатысқаны Ғабдұлкәрім Тоқтабаевқа жала боп жабысып, 1933 жылы абақтыға қамалып 5 жылға үкім жазасына кесіледі.

Кейін ол үкім Воронежге жер аударумен алмастырылып, есіл ер беймәлім жағдайда қамауда қаза табады.

Зұлқожа Шарафутдинов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале