«Ұлттық валюта – теңге күні» мен «Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай Шыңғырлау аудандық Дән мәдениет үйінде қаржы саласының қызметкерлері арасында зияткерлік сайыс өткізілді.
Аудандық экономика және қаржы бөлімі, қазынашылық басқарма, мемлекеттік кірістер басқармасы және банк филиалының ұжымы атынан командалар сайысқа қатысып, бақ сынады. Әр кезеңде қатысушылар өз білімдері мен біліктіліктерін көрсетіп, шараны қызықты әрі тартысты өткізді. Қаржы саласының ардагері С.Хамиев, аудандық соттың төрайымы С.Оразғалиева және аудандық статистика басқармасының басшысы А.Дүйсебаева әділ баға беретін әділ қазылар алқасының қатарынан табылып сайыс нәтижесі бойынша барлық қатысушыға дипломдар мен кубоктар табыстады.
Мереке қарсаңында аудан әкімі Мұрат Өміралиев тынымсыз еңбек етіп, ерекше көзге түскен қаржы саласының қызметкерлерін марапаттап, құттықтау сөзін арнады. Осы саланың ардагер қызметкерлері де кеш қонақтарын төл мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz