Бүгін «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Жаңақала ауданының Қызылоба ауылдық округіне қарасты Айтпай және Жангелді елді мекендерінде медициналық пункттің үш айға созылған капиталды жөндеуі аяқталып, қолданысқа берілді.
Қос нысанға күрделі жөндеу жүргізген - «Өркен Сервис» ЖШС.
Айтпай елді мекеніне 40 миллион 541 мың 531 теңге, Жангелдіге 40 миллион 994 мың 668 теңге қаражат бөлінген.
Аталмыш шараға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, аудандық мәслихат төрағасы Қамбар Қаменов, аудандық мәслихат депутаты Айбек Тасанов, «Өркен Сервис» ЖШС-ның директоры Берік Ғабдірешұлы, аудандық аурухана басшысы Ербол Сәрсенғалиев, ауыл әкімі Аманжол Жұмағазиев пен жергілікті тұрғындары қатысты.
Салтанатты шарада алғашқы құттықтау сөз кезегін алған Алпамыс Жаңабайұлы қос ғимараттың ашылуымен құттықтап, ауыл халқына жаңа ғимаратқа ауырып, ем алуға емес, тек медициналық тексерістен өтуге ғана келіңіздер деген ниетін жеткізді.
Сондай-ақ қос ғимаратқа жөндеу жүргізген Берік Ғабдірешұлының нәтижелі атқарған жұмысына ризашылық білдіріп, алғысхат табыстады. Аталмыш шарада Айбек Тасанов, ауыл қариялары Гүлжиян Кереева мен Кеңес Қадыралиев те құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін жолдады.
Айзада Жанұзаққызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz