Орал қаласында 13-16 қараша аралығында ерлер арасында волейболдан чемпионат өтті. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметкері Аружан Сұлтанова хабарлады.
Суреттер Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметінен
Аталған жарысқа жеті команда қатысты, олардың ішінде «Орал» спорт клубы, М.Өтемісов атындағы БҚУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, «Жігер» волейбол клубы және басқалары бар.
Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған чемпионатта І орынды 21 ЖОББМ командасы иеленді. ІІ орын эстетикалық бағыттағы гимназия (ГЭН) командасына бұйырса, ал ІІІ орынға «Жігер» волейбол клубы тұрақтады.
Ойын нәтижесінде «Үздік ойыншы» аталымына Данияр Бакишев, «Үздік шабуылшыға» Медет Максутов лайық деп танылды.
«Үздік қорғаушы» аталымын Оралбай Берікұлы, «Үздік байланыстырушы» аталымын Райымбек Қайырғали иеленді.
zhaikpress.kz