17.11.2023, 9:30
Оқылды: 52

Қаржыгерлерді марапаттады

Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - Теңгенің 30 жылдығы және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев аудандағы қаржы саласының бірқатар маманын мерекемен құттықтап, марапаттар табыс етті.

IMG_5108

Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Сания Жұбанғалиева қаржы министрлігінің, бас маман Ерлан Галимов облыс әкімінің алғысхатымен марапатталса, Сырым ауданы әкімінің алғысхатына қазынашылық басқармасының басшысы Асқар Жолдығұлов, бас маманы Ақгүл Иманғалиева, экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Айнагүл Оразаева, кірістер басқармасының бас мамандары Мирас Мырзағалиев, Жанна Қыдырсихова, «Halyq bank» қызметкерлері Сүндетқали Оразғали, Зергүл Хамитова ие болды.

IMG_5109

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Муса Шалабаев әріптестерін мерекемен құттықтап, мерекеде елеусіз қалдырмаған аудан әкімдігіне қаржыгерлер атынан алғыс білдірді.

IMG_5116

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале