Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті "Chia Tai Tianging" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімше басшысына қатысты тергеуді аяқтады.
Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкент қаласының тұрғыны 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуірі аралығында аталған қаржы пирамиданың қаладағы филиалын басқарғаны анықталды.
Ол 700 млн теңгеге материалдық залал келтіріп, екі жүзден астам салымшы тартқан.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілген.
Еске сала кетейік, қаржы пирамидасын құрғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, мүлкі тәркіленеді. 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза беріледі.