17.11.2023, 12:15
Оқылды: 59

Бірлікте №2 сорғы станциясының құрылысы жүріп жатыр

Тасқала ауданына қарасты Бірлік ауылына су өткізіліп жатыр.

таскала б (4)

Ауданға жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Нариман Төреғалиев аталған ауылда болып, құрылыстың жай-жапсарымен танысты.

таскала б (1)

Биыл сәуір айында басталған жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде ауылішілік су құбырлары толығымен өткізілген. Жоба бойынша салынуы керек болған құдықтар да орнатылған. Су қоймасының қабырғасы көтеріліп, су мұнарасының іргетасы құйылды.

таскала б (3)
- №1, №2 сорғы станцияларына электр желісін тарту, қоршау, аталған сорғы станциялары арасындағы қысымды су құбырын салу, мұнара орнату, резервуарларды топырақпен жабу жұмысын аяқтадық. Сондай-ақ Тасқала ауылына қарай баратын су құбырын өткіздік. №2 сорғы станциясының құрылысы жүріп жатыр, - деді учаске басшысы Қайырбек Төрешев.

Мердігердің айтуынша, ауылды толықтай сумен жабдықтау жүйесі келер жылдың басында аяқталады. Ал құрылыс-монтажы биыл қарашаның аяғына дейін бітеді.

Ауылды таза әрі сапалы ауыз сумен қамту мақсатында бой көтеріп жатқан нысанды аралаған облыс басшысы мердігерлердің жұмысына көңілі толатынын айтты.
- Су өткізіп жатқан жергілікті мердігердің жұмысы көңілден шығады. Бірлік ауылындағы 83 үйге су жеткен. Ал алты үйде су қосылған. Бұл жұмыс тоқтап қалмайды. Ең бастысы жұмыс сапалы орындалуы керек, - деді өңір басшысы Нариман Төреғалиев
Халықты сапасы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында салынып жатқан жұмысты қарағандылық «Life Stroy Invest» ЖШС бас мердігер ретінде жүргізіп жатса, оралдық «KazConstructionGroup» ЖШС қосымша мердігер қызметін атқарып отыр.
Аталған жобаның жалпы құны - төрт жүз он үш миллионнан асады.

Түгелбай Бисен,

Фотоға түсірген: Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале