17.11.2023, 14:30
Оқылды: 70

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жанданды

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әр сөзінде бұқаралық спортты дамытуға аса көңіл бөлу керектігін айтады. Сонымен қатар ауыл спортын дамытуға күш салу керек екенін де мемлекет басшысы әрдайым айтып отырады.

IMG-20231117-WA0162
Президент тапсырмасын орындау мақсатында алыс ауылдар мен аудан орталықтарын халыққа қолжетімді спорт нысандарымен қамтамасыз ету ісі қарқынды жүріп жатыр.

IMG-20231117-WA0163

Осы кезге дейін облысымызда 11 спорт кешені ел игілігіне берілді.

Тасқала ауылында осыдан екі жыл бұрын 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталған болатын.

Десе де былтыр құрылыс материалдары қымбаттап, жобаға түзету енгізілген. Сол себепті жұмыс тұралап қалды. Арнайы сараптаманың оң қорытындысы былтыр қараша айында шығып, КПО б.в. компаниясы құрылыс-монтажын қайта бастау үшін тендерлік рәсім жүргізген. Оны «QS Capital Construction» ЖШС жеңіп, шілде айында құрылыс басталды.

IMG-20231117-WA0164
- Жаңа спорттық ғимарат ішінде бокс, күрес, шағын футбол, баскетбол, волейбол ойындарына арналған залдар, жүгіру алаңы болады, - дейді құрылыс шебері Ақболат Оразғалиев.

IMG-20231117-WA0170

Биыл шілдеде құрылысы басталған нысан келер жылы тамыз айында аяқталмақ. Кешен құрылысына 1 млрд 200 миллионнан астам қаржы бөлінген. Стадион топырағын қалпына келтіру, спорт залын тегістеу және жетіспейтін топырақты толтыру, кәріз траншеясын қайта толтыру, бокс залының еденін құю, ғимараттың бірінші, екінші қабатындағы аралық қабырғаларды қалау, электр жарығын өткізу жұмысы аяқталып, қазіргі таңда нысан жабынын темір конструкциямен монтаждау, негізгі қабырғаларды қалау жұмысы жүріп жатыр.

IMG-20231117-WA0169
- Бірнеше жыл бұрын басталған дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы басталғаны қуантады. Құрылыс тұралап қалуының өзіндік себептері болғанын да түсінеміз. Бірақ мемлекет қаражаты бөлінген жердегі жұмыс міндетті түрде соңына дейін жетеді. Ауыл, аудан жастарын спортпен айналысуға шақыратын орынның уақтылы аяқталуын мықтап қадағалаймын. Ел игілігі үшін жасалар әр іс жеке бақылауымда болады және құрылысы сапалы орындалуына барлығымыз мүдделіміз, - деді өңір басшысы Н. Төреғалиев.
Айта кетейік, соңғы бір жылда құрылысы басталып, түрлі себепбен құрылысы тоқтап қалған 53 нысан ел игілігіне берілді. Жыл соңына дейін 40-қа жуын түрлі нысан жұмысы аяқталады.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале