Бүгін жүргізілген жедел-профилактикалық шара барысында Бөрлі аудандық Пб көші-қон полициясының қызметкерлері БҚО-дағы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп Қазақстан Республикасынан мемлекеттік шекарасынан Ресей Федерациясына заңсыз өтпекші болған Ауғанстан Республикасының төрт азаматын ұстады.
Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған шетел азаматттарына қатысты ҚР ҚК-нің 514-бабы 2-бөлігіне (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылған.
Тексеріс жүргізіліп жатыр.
Ұсталғандардың айтуынша, олар Еуроодақ елдеріне бет алған.
zhaikpress.kz