21.11.2023, 16:15
Оқылды: 46

44 миллион теңге жинаған: «Qnet-пен» айналысқан үш адам ұсталды

 

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті «Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан үш күдіктіні қамауға алды. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов хабарлады.

ЖП ақша


Күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында «Qnet» компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматтар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан 2019-2022 жылдың қаңтар айы аралығында 44 миллион теңгеге жуық көлемде ақша қаражатын тартқан.

Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 миллион 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды.

Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланылмайды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале