Қазақстандық оқушылар астрономиядан халықаралық «OWAO» олимпиадасының жеңімпаздары атанды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
«OWAO» астрономиядан екінші ашық халықаралық олимпиадаға қазақстандық құрама команда қатысты.
Дамир Әленов алтынға ие болса, Ахмаджон Табаров, Бекасыл Елубай, Уәлихан Қылышбек және Заңғар Сүннатов күміс жүлденің иегерлері атанды.«OWAO» ең жас олимпиада болып саналады. Ол әлем бойынша үздік астрономиялық дәстүрлер мен пән мамандарын біріктіреді. Биыл олимпиадаға 14 елдің өкілі қатысқан.