23.11.2023, 16:45
Оқылды: 16

Алаштанушы жастармен кездесті

Бөрлі аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында аудандық мәдениет үйінде «Айтыс» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жазушы, алаштанушы, ғалым Елдос Тоқтарбаймен рухани кеш өтті.

082b3b00-dc34-4181-b81f-42d50b5ff315

Жалпы осы спичтің мақсаты жастардың отанға деген сүйіспеншілігін оятып, азамат ретінде өздерінің Отан алдындағы жауапкершілігін түсіндіру.

14f840fd-a664-4ed5-b604-1585b14a99e9

Рухани кеш барысында спикер кейінгі кезде жастар және жасөспірімдер арасында Алаш тұлғаларына, оладың өнегесі мен тағылымды ғұмырына, қайраткерлігіне қызығушылық артқанын, оқырмандық ынта күшейе түскенін айтып өтті.

- Дәл осындай кезде Алаш идеясына ынтық жастар қанаттану үшін оларды төл тарихымызбен дұрыс тәрбиелеуіміз қажет, - дейді ғалым.

Алаштанушы, ғалым Елдос Тоқтарбай кездесуде жиналған халықпен «Оян, қазақ» фильмін талқылап, сол кездегі Алаш қайраткерлерінің қалай өмір сүргендері туралы сөз қозғады.

c4276aff-3b12-416c-8e2e-f2ea6367c04b

- Спич ретінде жастармен жиі кездесемін. Бөрлі ауданына үшінші рет келіп отырмын. Алаш қайраткерлерінің ғибратты ғұмыры, ізденісі, Отанға деген махаббаты, ұлтқа деген сүйіспеншілігі, ұлтты сүюге жеткізетін негізгі формула. Бүгінгі «Алаш элитасы» деп аталатын менің спичім Алаш қайраткерлері қалай көшбасшы, зияткер болды және қалай тұлға ретінде дамыды деген мәселелерге жауап береді. Бұл кішкентай балаларға да, жасөспірімдерге де, жастарға да, тіпті үлкен азаматтарға да мотивация беретін нәрсе. Олар тар жер түрмеде отырып, тарылмай еңбек еткен, тар жерде де үмітін, күдерін үзбеген азаматтар болатын. Олар Қазақстанның жер асты, жер үсті байлығын қалай игерді, мына ұлан ғайыр даланы қалай сақтап қалды және бабадан-бабаға жалғасып келген ұлағатты мұраны, құндылықты  бүгінге қалай жеткізді деген сұрақ туады. Мен ең үлкен қасиет тәуелсіздік екенін жастарға дәріптеп жеткізуді азаматтық, қаламгерлік парызым деп түсінемін, - дейді Әлихан Бөкейхан Алаш ғылыми-зерттеу институтының бөлім басшысы Елдос Тоқтарбай.

Спикер жастарға Алаш қайраткерлерінің жарыққа шықпай қалған кітаптарын аударғанын айтып, оқуға кеңес берді.

 Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале