23.11.2023, 12:30
Оқылды: 38

Қытайлық инвесторларға жер берілмейді

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі әлеуметтік желілердегі қытайлық инвесторларға жер беру туралы мәселесі туралы пікірлерге қатысты мәлімде білдірді.

обл акимат

«ҚР Жер Кодексінің 24 – бабына сәйкес шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайды» – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бүгінгі таңда инвестициялық жоба бойынша нақты келісім жоқ.

Инвесторларды тарту мәселесі бойынша  шетелдік және отандық компаниялар қарастырылатын болады. Ең бастысы – мемлекет тарапынан қойылған шарттары сақталуы тиіс. Мақсатымыз -  өңірдің дамуы, ауыл шаруашылығына заманауи жана технология енгізу, халықтың тұрмысын жақсарту және еңбек ресурстарымызды  өз елімізде ұстап қалу.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале