Облыс басшысы Шыңғырлау ауданының тұрғындарымен кездесті. Ащысай ауылында өткен бұл жиында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап өтті.
Облыста атқарылып жатырған ауылдарды дамыту, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру бағытындағы жұмыстар мен алдағы жоспарлар тұрғысында айтып өткен облыс басшысына аудан тұрғындары жөндеуден өтіп жатырған "Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай" жолының аяқталуы, аудан орталығына қосымша су мұнарасын қою, аудандық аурухана ғимараты және Л. Қылышев атындағы мектепке күрделі жөндеу қажеттігі туралы өтініштерін жеткізді.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев басталған істің аяқсыз қалмайтынын ескертіп, қалған мәселелердің алдағы жылдар жоспарында тұрғанын айтты.
Жиыннан соң облыс басшысы аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қаршыға Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz