24.11.2023, 17:45
Оқылды: 160

Қазыбектен тараған қайраткер кім?

Батыс Алашорда қозғалысының белді өкілдерінің бірі Беркінғали Атшыбаев болды.
Бабасы Қазыбек 1760-1824 жылдары Кіші жүздің белгілі билерінің бірі болса, атасы Атшыбай 1869-1870 жылдары «Ел ауа» аталған Кіші жүз қазақтары көтерілісіне белсене қатысқан белгілі батыр.

жп дала

Өз әкесі Мұқыш Жайық өңіріне танымал көзі ашық, сауатты, әрі сауда капиталымен айналысқан дәулетті қазақтардың бірі болған, ол балаларын орыс оқуына береді.

Беркінғали Атшыбаев бірден Алаш қозғалысын қолдап, Алаш әскері сапында алты айлық курстан өтіп прапорщик шенін алып, өлкенің қоғамдық-саяси өміріне араласады.

1920 жылдары белгілі композитор А. Затаевичпен Орынборда Қазревкомда бірге жұмыс істеп, оған Мұхит Мераліұлының «Паң көйлек» әнінің үш нұсқасын береді.

Кейін 1928 жылы Мәскеуде Тау-кен академиясында оқып жүргенде А. Затаевичпен бірге Арбат ауданында бір үйде тұрады.

Сол кезде Б. Атшыбаевқа «алашордашыл» деген айып тағылып академиядан оқудан шығарылып, елге оралады. 1937 жылғы қуғын-сүргіннің құрбаны, Орал қаласындағы түрмеде белгісіз жағдайда қаза табады.
1930 жылдары Б. Атшыбаевқа композитор А. Затаевич жазып қалдырған ескерткіш сурет орталық мұражайда сақтаулы.

Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале