24.11.2023, 15:00
Оқылды: 47

Тұрғындардың мәселесі партия бақылауында тұр

«AMANAT» партиясы БҚОФ-тың қабылдау бөлімінде жыл басынан бері 1801 өтініш тіркелген.

Олардың 51%-на түсіндірме беріліп, 2%-ы мамандар бақылауында тұр.

Мәселенің аяқсыз қалмауы үшін жауапты мамандар барын салып келеді.

IMG-20231124-WA0060

Қоғамдық қабылдау орындарында 1189 қабылдау жүргізіліп, 1672 адам қабылданды.

Бұл дегеніңіз 1672 азаматтың мұң-мұқтажы тыңдалып, жауапты мамандарға үн қатылды деген сөз.

IMG-20231124-WA0055

Соның ішінде «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – тоғыз қабылдау (69 адам, оның ішінде мәселенің 38% оң шешімін тауып, 62% түсініктеме берілді) өткізді.
Барлық деңгейдегі әкім мен олардың орынбасарлары – 46 қабылдау, ал «АМАNАТ» партиясының облыстық және аумақтық филиалдарының төрағалары – 104 қабылдау, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары –824 қабылдау өткізілді (1065 адам).

IMG-20231124-WA0059

Жергілікті атқарушы органдардың басшылары – 124 қабылдауда тұрғындардың назын тыңдады.

Сонымен қатар арнайы жобалар аясында көмекке жүгінген тұрғындар да жеткілікті.
«Құқықтық көмек» жобасы аясында – 104 адам, «Табысқа апарар жол. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» жобасы аясында – 10 адамның сұрағы, платформада (E-Otinish) – 121 сұраныс қаралды.
«Мобильді қабылдау» аясында шалғай жатқан 55 елді мекенде қабылдау өткізіліп 284 адам қабылданды. Оның ішінде 74 азаматтың өтініші оң шешімін тапты.
Айта кету керек, 21-23 қараша күндері «Құқықтық көмек» жобасы аясында заңгерлер, адвокаттар мен медиаторлар, жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Р.Бирманов және БҚО полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Жаншин және БҚО бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А. Жұбаныш қатысты.

Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық кеңес алды.
Тұрғындардың жиі жүгінетін көмектері тұрғын үй, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, коммуналдық салаға қатысты.

Азаматтардың өтініштері мен шағымдары міндетті түрде жазылып, партияның сайлауалды бағдарламасына енгізіліп отырады.

Осының негізінде жол картасы жасақталып,оның орындалуы ұдайы партия назарында болады.

«AMANAT» партиясы

БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале