Бүгін Шыңғырлау ауданына қарасты Ақбұлақ ауылдық округінде «Ауыл шаруашылығы тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» тойланды.
Ауыл тұрғындары, осы саланың мамандары мен шаруа қожалық басшылары салтанатты кештің куәгері болды. Мерекелік шара ауылдық мәдениет үйінің алдындағы ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесінен басталды. Артынан марапаттау рәсімі жүргізіліп, кеш қонақтарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
Ауыл әкімі Светлана Ешматқызы алғашқы құттықтау сөз сөйлеп, ауыл шаруашылығы саласының 15 ардагер мамандарына алғысхаттар мен шағын сыйлықтарын табыс етті. Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысы Рүстем Тельманұлы да мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, Сағынбай Тулемисов пен Нұржан Киреевті марапаттады.
Келген қонақтар концерттік бағдарламаны тамашалап, естелік суреттерге түсті.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz