25.11.2023, 18:17
Оқылды: 51

"Дос-Мұқасан" тобының әншісі Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті

Әнші, музыкант, “Дос-Мұқасан” ансамблінің солисті Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

IMG-20231125-WA0021

Оның дүниеден өткенін 25 қарашада қызы тілшімізге растады. Әзірге неден көз жұмғаны белгісіз.

Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.

1978 жылы "Дос-Мұқасан" ансамбліне қабылданады да, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының "Арқас", "Сазген", "Адырна" ансамбльдерінде ән салған.

Әнші 1994-1996 жылдары "Гүлдер" ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. Ал 2001 жылы "Ақжол" ән-театрын құрды.

Музыкант 2010 жылы қайтадан "Дос-Мұқасан" тобына оралып, осы күнге дейін ансамблдің әншісі болды.

Ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, құрмет орденінің иегері және ерен еңбегі үшін медалінің иегері атағына ие.

Ақжол Мейірбеков Шарипа ханымға үйленіп, сол некесінен 1 қыз, 2 ұл сүйді. Луиза, Сұлтан және Тимур есімді балаларынан 8 немере мен 1 шөбере көрді.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале