27.11.2023, 17:45
Оқылды: 47

Қудаланған отбасы

Кешегі кеңестік қуғын-сүргін кезінде алаштық азаматтар небір адам төзгісіз оқиғаларды бастан кешіргені белгілі. Сондай азаматтың бірі Алаш қозғалысына қатысқан қайраткер Есім Байғасқаұлы еді.

жп дала

Ұлтым деп соққан жүрегі халық ағарту жолында жалындап өтті. Алаш қозғалысы қарқын алған жылдары Ақмола облысында Алаш комитетінің жұмысына белсене араласты.

Кейін Кеңес билігі толық орнағанда Ақмола облыстық атқару комитетінде түрлі қызметтер атқарады.

Алаш қайраткерлерін жаппай қудалауды бастаған 30-шы жылдары ақын-жазушылармен бір үйде бас қосады. Сірә бұл дәстүрлі соғым кезі болса керек. Ет желініп болып, қолдарын сүртейін десе, майлық жоқ, ол кезде қолдарын газетпен сүртсе керек.

Сол жиында отырған «Социалды Қазақстанның» редакторы Ғабит Мүсірепов: «Қол сүртетін қағаздарың кәне?» депті. Осыны күткендей Есім Байқасқаұлы: «Социалды Қазақстанды» әперіңдер деген екен.

Бұл сөз НКВДН-ның құлағына шалынып, есіл ер Есім Байқасқаұлын «алашордашыл», «кеңеске қарсы» деген желеумен тұтқындап, кешіктірмей ату жазасына кессе, әйелі Құсниды шиеттей балаларынан бөліп «халық жауының әйелі» ретінде Карлагқа айдаған.

Зұлқожа Шарафутдинов

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале