Енді бірінші кредиттік бюро екінші деңгейлі банктерге клиенттің «несие тарихы» туралы ақпаратты дәл сол сағаттағы мәліметке сәйкес береді.
Бұл талап 1 күннің ішінде бірнеше банктен несие рәсімдеудің жолын кеседі. Бюрода әрбір кредиттен кейін қарыз алушының төлем қабілеті де өзгеріп отырады. Заң жобасын әзірлеген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осылайша алаяқтардың жолын кеспекші. Ал экономистер базадағы жүйенің осылай автоматтандырылуы банктердің несие портфелін азайтады деп отыр.
Құжат Ашық үкімет порталында желтоқсанның 7-сіне дейін талқыланады.
qazaqstantv